Мәдениет мекемелерi бойынша қаржыландыру
- СҚО Тайынша ауданының мәдениет мекемелері бойынша 2023 жылға арналған қаржыландыру көлемі — 277646,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- 1200 мың теңге - орталықтандырылған кітапхана жүйесін материалдық-техникалық жарақтандыру, кітап сатып алу.
- Соңғы жылдардағы мәдениет саласы қызметінің қорытындысын талдай отырып позитивті өзгерістер атап өтуге болады
- Мәдениет саласындағы негізгі басымдықтар:
- Мәдениет және өнер саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
- Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениетті насихаттау
- Мәдениет саласындағы қызметтер сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейі
- Мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функцияларының толеранттық тіл ортасын қалыптастыру
- Ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу
Аудан бойынша мәдениет объектілері желісі – 70 бірлік, оның ішінде мемлекет меншігінде 55 объект, жеке меншікте – 20, оның ішінде барлық нысанындағы клубтық үлгідегі 31 мекеме (мемлекеттік – 16), 39 мемлекеттік кітапхана.
Клубтық мекемелер
Тайынша ауданында 2 қызметкердiң «Мәдениет қызметкерi» атағы бар: Сағындықова Гүлмира Бәкiбайқызы – мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы, Жұмабаев Ерсаин Айтқабылұлы – Халық үрмелі оркестрінің сүйемелдеушісі.
Тайынша ауданында «Халықтық» атағы бар 4 ұжым бар: Вишневка хоры, АМҮ үрмелi аспаптар оркестрi, «Ретро-Микс» вокалдық-инструменталдық ансамблі, «Шабыт» хареографиялық ансаблі.
Ауданда 2187 қатысушысы бар 240 клубтық ұйым жұмыс iстейдi. Сонымен қатар балаларға арналған 59 клубтық ұйым жұмыс iстейдi.
Клуб мекемелерiнiң iшiнде жұмыс iстейтіндері:
- 39 әуесқой бiрлестiктер, оған 349 адам қатысады,
- 25 ұлттық-қолданбалы бiрлестiктер, оның iшiнде 207 адам қатысады,
- 176 көркемөнерпаздар ұжымдары, оның iшiнде 1631 адам қатысады, оның iшiнде балаларға арналған 59, оның iшiнде 620 балалар қатысады.
Шығармашылық ұйымдардың iшiнде төменде берiлгендер:
- хореографиялық — 29, балаларға - 22;
- вокалды-хор — 75, балаларға - 16;
- ән мен би ансамбльдерi /2004 жылы құрылған/ — 1;
- фольклорлық — 20;
- отбасылық ансамблдер, дуэеттер — 13;
- халық аспаптары оркестрі – 3, балаларға – 2;
- драматикалық, көркемсөз – 13, балаларға – 8;
- басқалары – 13;
- эстрадалық – 9, балаларға – 1.
Аудандық мәдениет үйiнде 4 компьютер бар, интернет желісіне қосылған.
Кiтапханалар
01.01.2023 ОКЖ кiтап қоры — 402179 дананы, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 364998 дананы, мемлекеттiк тiлде — 106832 дананы, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 98414 дананы құрайды.
2022 жылдың 12 айында бақылау көрсеткiштерiн орындау:
- Оқырмандар саны — 20995, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 16900;
- Келушiлер саны — 202635, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 162355;
- Кiтап беру саны — 434295 дана, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 344245 дана.
Спорт
Аудан бойынша 239 спорт ғимараты бар. Оның ішінде: 4 стадион, Тайынша қаласындағы 1 ФОК, 58 спорт залы, 2 шаңғы базасы (Тайынша қ., Донецк және БЖСМ), 4 атыс тирі, 34 хоккей корты, 6 көше тренажері. 123 жазықтық құрылым (26 баскетбол, 43 волейбол алаңы, 29 футбол алаңы және 28 шағын футбол алаңы (5 жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы), 9 бейімделген үй-жай.
Ауданда 51 спорт түрі, оның ішінде 16 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес, 9 ұлттық спорт және 14 мүгедектік спорт түрлері өсіріледі. Секциялардың жалпы саны 420, жалпы саны 6860 адам және жаттықтырушылардың жалпы саны 21 адам.
Мемлекеттiк тiл саясаты
Мемлекеттiк мекемелер және мектептерде қазақ тiлi үйiрмелерi ашылған, сабақ аптасына 2 рет өткiзiледi және мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен немесе өкiмiмен белгiленедi.
Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанынан қазақ тiлi кабинетi ашылған.
2023 жылға «Мемлекеттiк тiл және басқа Қазақстан халқы тiлдерiн дамыту» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк қызметкерлердi оқыту үшiн жергiлiктi бюджеттен 1215,0 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi.
2023 жылы Тайынша ауданы бойынша 202 тыңдаушылары бар 11 топ жұмыс iстейдi. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлiмiнде құрылған 5 топта 97 тыңдаушы дәрiс алады. Мемлекеттiк тiлдi үйренгiсi келетiндер үшiн СҚО «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ арқылы — 97 тыңдаушысы бар 5 топ жұмыс iстейдi.
Мәдениет мекемелерінде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісімді, тілге деген құрметті насихаттауға бағытталған мемлекеттік тілде іс-шаралар өткізіледі.
Қазiргi уақытта ономастика тiлдер саясатының алдыңғы бағыттарының бiрi болып табылады.
Бөлім мамандарымен ономастика проблемалары бойынша ауылдық округтарға әдістемелік көмек көрсетіліп тұрады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне және физикалық-географиялық объектiлерге атау беру, оларды қайта атауды ретке келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
2021 жылы 6 ауылдық округта 23 көше қайта аталды.
Тайынша ауданында көрнекi ақпараттарды ҚР «Тiл туралы» Заңының 19, 21 баптарына сәйкес келтiру үшiн мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi бiрiңғай тiл саясатын тiлдердi дамыту саласында жүзеге асыру бойынша тоқсан сайын ақпараттық, әдiстемелiк қызметпен қамтамасыз етедi
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мамандарыменкөрнекі ақпаратты тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ай сайын құжаттардың мониторингi жүргiзiледi. 2022 жылға Тайынша ауданының мемлекеттiк мекемелерiндегi құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi арасалмағы 98 пайызды құрады.
Бөлім бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. «Тайынша таңы» мен «Тайыншинские вести» газеттерінің беттерінде тіл саясатын насихаттау бойынша мақалалар жиі жарияланып тұрады.
Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi өз жұмысында осы ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыста. Мемлекеттiк мерекелердi, қоғамдық iс-шараларды ұйымдастыруда аталған орталықтар белсендi қатысады.
Алдағы уақытта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы іс-шаралары Жоспарының тармақтарына сәйкес Тайынша ауданында мемлекеттік тілде іс-жүргізудің жүелілігін үйлестіру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданыны әкiмдiгiнiң мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ Тайынша ауданының аумағында мәдениет және тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк басқару функцияларын жүзеге асыруына, аудан әкiмдiгiмен уәкiл етiлген және аудандық бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
- Бөлiм қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен мәнi мәдениет және тiлдердi дамытуда ұйымдастыру қызметiн бақылау және үйлестiру болып табылады.
- Тайынша ауданында бiрыңғай мемлекеттiк тiл саясатын жүргiзу.
- Халықтың денсаулығын нығайту үшін жағдайлар жасау, көпшілік және кәсіби спортты насихаттау, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуға тарту
- «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңын, тiлдердi дамыту және қолдану Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша меншiк түрiне қарамастан бөлiмдердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың қызметтерiн үйлестiру.
Жүктелген мiндеттемелерге сәйкес мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі келесi функцияларды жүзеге асырады:
- Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттiк басқаруды және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
- Мәдениет мекемелерi мен кәсiпорын жүйелерiн сақтау
- Мәдени, демалыс жұмыс түрлерiн дамыту, мәдениет Үйлердiң және клубтардың, кiтапханалардың жұмыстың нәтижелiлiгiн жоғарлату.
- «ҚР тiлдер туралы» Заңын орындау үшiн бақылауды жүзеге асыру бойынша әдiстемелiк көмектер көрсету.
- Тiлдердi дамыту бойынша iс-шаралар өткiзу
- Мемлекеттiк тiлдi оқу, ономастикалық жұмыс бойынша жұмысты үйлестiредi.
- Аудан аумағындағы көпшілік спорт пен ұлттық спорттың дамуын қамтамасыз етеді
Тайынша ауданы бойынша 2023 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
1 |
Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған митинг |
15 ақпан |
2 |
Деректі фильмдер марафоны "Ауғанстан батырларына арналады" |
15 ақпан |
3 |
Аудандық көркемөнерпаздар байқауы |
сәуір |
4 |
Алғыс айту күніне арналған концерт |
1 наурыз |
5 |
Мерекелік концерт "Әлем әйелдің көзімен" |
8 наурыз |
6 |
Поэтикалық көңіл-күй кеші «Мама-сен менің бойтұмарымсың...» |
7 наурыз |
7 |
"Наурыз мейрамы" халықтық мереке |
17 наурыз |
8 |
Достық мерекесі «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» |
1 мамыр |
9 |
Парад «Батыр күні» |
7 мамыр |
10 |
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған Митинг |
9 мамыр |
11 |
Күніне арналған тақырыптық сағат саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу |
31 мамыр |
12 |
Салтанатты іс-шара, флеш моб |
4 маусым |
13 |
"Домбыраның сиқырлы ішектері" музыкалық презентациясы |
2 шілде |
14 |
"Конституция – халық дауысы" мерекелік концерт |
30 тамыз |
15 |
Тілдер күніне арналған фестиваль |
5 қыркүйек |
16 |
Қарттар күніне арналған "Менің жылдарым – менің байлығым" концерті |
1 қазан |
17 |
Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған мерекелік концерт |
25 қазан |
18 |
Доңгелек үстел «Под небом голубым... » |
16 желтоқсан |
19 |
«Жаңа жылдық саяхат» атты жаңа жыл қарсаңында театрландырылған қойылым |
31 желтоқсан |
2022 жылға арналған «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ негізгі іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Жүзеге асыру мерзімі |
1 |
«Каисса» шахмат клубы қатысушылары арасында орталық аудандық кітапханада шахмат бойынша аудандық сайыстар |
қаңтар |
2 |
«Айналаның бәрі туған өлке» кітапханамен бірге саяхат челенджі |
ақпан |
3 |
«Ақ бидай» жазғы спорт мерекесі бағдарламасындағы әйелдер арасындағы баскетболдан аймақтық сайыс |
наурыз |
4 |
«Кітапхана оқырмандары» мерекесі» /балалар кітабы апталығының ашылуы/Бағдарлама «Оқырман санын өсіреміз..» 2022 жыл – балалар жылы.. |
сәуір |
5 |
ҰОС Жеіс Күніне арналған «Соғыс туралы оқылған кітап – Жеңіс Күніне сіздің сйыңыз» аудандық акция |
мамыр |
6 |
«Ақ бидай» спорттық мерекеге жазғы іріктеу туры |
маусым |
7 |
Тайынша қаласының 60 жылдығына арналған «Мой город – судьбы моей главная пристань » атты бейнероликтердің аудандық конкурсы |
шілде |
8 |
Абай Күніне арналған «Абай дауысы – уақыт тынысы» әдеби челенджі |
тамыз |
9 |
Қазақстан халқы тілдері Күніне арналған «Тілге құрмет» іс-шарасы |
қыркүйек |
10 |
«Айналаңа жақсылық істе» аудан кітапханалары арасындағы игі істер айлығы |
қазан |
11 |
«Сүйікті кітаппен суретке түсу» аудандық онлайн-конкурс |
қараша |
12 |
«Солтүстік» спорт мерекесінің қысқы іріктеу туры |
желтоқсан |
2021-2022 бюджеттік бағдарламалар (RAR 299 Kb)
Бюджеттік бағдарламалар
2019-2021 жж. Бюджеттік бағдарламалар (ZIP 72 Kb)
2018-2020 Бюджеттік бағдарламалар Zip (71,1 kb)
455001 «Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемелекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру бойынша қызметтер» Zip (20 Kb)
455003 «Мәдени-бос уақыт жұмысын қолдау» Zip (20 Kb)
455006 «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» Zip (20 Kb)
Мақаланы құрған күні 27.03.2018 09:24
Мақаланы жаңартқан күні 02.03.2023 09:54