Мәдениет саласын дамыту

Мәдениет мекемелерi бойынша қаржыландыру:

  • СҚО Тайынша ауданының мәдениет мекемелерi бойынша 2021 жылға қаржыландыру көлемi — 257039,5 мың теңгенi құрайды;
  • Аудандық мәдениет Үйін материалдық-техникалық жабдықтау – 58860,0 мың теңге. LED-экрандар, сахна киімдері, музыкалық аппаратуралар, компьютерлік техникалар, сахналық костюмдер, жихаздар, интерактивті панелдер, автомобилдік көлік, спорт керек-жарақтары және басқа да керек-жарақтар, аудандық мәдениет Үйі ғимаратын күрделі жөдеуді жүргізу;
  • 14290,0 мың теңге – орталықтандырылған кітапханалық жүйесін материалдық-техникалық жабдықтау. Телевизорлар, мемлекеттік рәміздер, компьютерлік техникалар, әдебиеттер мен басқа да керек-жарақтарды сатып алу.
  • 1133,0 мың теңге – мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бағдарламасына бөлінді
  • 2021 жылдың 01 маусымына бюджетті орындау 99,99% құрады
  • Соңғы жылдардағы мәдениет саласы қызметінің қорытындысын талдай отырып позитивті өзгерістер атап өтуге болады
  • Мәдениет саласындағы негізгі басымдықтар:
  • Мәдениет және өнер саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
  • Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениетті насихаттау
  • Мәдениет саласындағы қызметтер сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейі
  • Мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функцияларының толеранттық тіл ортасын қалыптастыру
  • Ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу

Аудан бойынша мәдениет объектілері желісі – 74 бірлік, оның ішінде мемлекет меншігінде 54 объект, жеке меншікте – 20, оның ішінде жеке меншіктің барлық нысанындағы клубтық үлгідегі 35 мекеме (мемлекеттік – 15), 39 мемлекеттік кітапхана. 

Клубтық мекемелер:

Тайынша ауданында 2 қызметкердiң «Мәдениет қызметкерi» атағы бар: Сағындықова Гүлмира Бәкiбайқызы – мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы, Искендыров Жанарбек Мұратұлы – Леонидовка АМҮ директоры.

Тайынша ауданында «Халықтық» атағы бар 4 ұжым бар: Вишневка хоры, АМҮ үрмелi аспаптар оркестрi, «Ретро-Микс» вокалдық-инструменталдық ансамблі, «Шабыт» хареографиялық ансаблі.

Ауданда 2187 қатысушысы бар 240 клубтық ұйым жұмыс iстейдi. Сонымен қатар балаларға арналған 59 клубтық ұйым жұмыс iстейдi.

Клуб мекемелерiнiң iшiнде жұмыс iстейтіндері:

  • 39 әуесқой бiрлестiктер, оған 349 адам қатысады,
  • 25 ұлттық-қолданбалы бiрлестiктер, оның iшiнде 207 адам қатысады,
  • 176 көркемөнерпаздар ұжымдары, оның iшiнде 1631 адам қатысады, оның iшiнде балаларға арналған 59, оның iшiнде 620 балалар қатысады.

Шығармашылық ұйымдардың iшiнде төменде берiлгендер:

  • хореографиялық — 29, балаларға - 22;
  • вокалды-хор — 75, балаларға - 16;
  • ән мен би ансамбльдерi /2004 жылы құрылған/ — 1;
  • фольклорлық — 20;
  • отбасылық ансамблдер, дуэеттер — 13;
  • халық аспаптары оркестрі – 3, балаларға – 2;
  • драматикалық, көркемсөз – 13, балаларға – 8;
  • басқалары – 13;
  • эстрадалық – 9, балаларға – 1.

Аудандық мәдениет үйiнде 4 компьютер бар, интернет желісіне қосылған.

Кiтапханалар:

2021 ж. 01.06.2021 ОКЖ кiтап қоры — 393668 дананы, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 358069 дананы, мемлекеттiк тiлде — 101486 дананы, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 93462 дананы құрайды.

2021 жылдың 5 айында бақылау көрсеткiштерiн орындау:

  • Оқырмандар саны — 17327, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 13865;
  • Келушiлер саны — 94510, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 73284;
  • Кiтап беру саны — 209915 дана, оның iшiнде ауылдық жерлерде — 168020 дана

ОКЖ 23 компьютерi бар. Оның iшiнде: аудандық кiтапханада 16 компьютер, барлығы Интернет желiсiне қосылған. 7 ауылдық кiтапхана компьютерленген, барлығы Интернет желiсiне қосылған.

Мемлекеттiк тiл саясаты:

Мемлекеттiк мекемелер және мектептерде қазақ тiлi үйiрмелерi ашылған, сабақ аптасына 2 рет өткiзiледi және мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен немесе өкiмiмен белгiленедi.

Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанынан қазақ тiлi кабинетi ашылған.

2021 жылға «Мемлекеттiк тiл және басқа Қазақстан халқы тiлдерiн дамыту» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк қызметкерлердi оқыту үшiн жергiлiктi бюджеттен 1 133,0 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi.

2021 жылы Тайынша ауданы бойынша 202 тыңдаушылары бар 11 топ жұмыс iстейдi. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлiмiнде құрылған 5 топта 97 тыңдаушы дәрiс алады. Мемлекеттiк тiлдi үйренгiсi келетiндер үшiн «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ арқылы — 105 тыңдаушысы бар 6 топ жұмыс iстейдi, оның iшiнде 16 тыңдаушысы бар 1 топ ағылшын тiлiн оқытады.

Мәдениет мекемелерінде мемлекеттік тілді насихаттау бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісімді, тілге деген құрметті насихаттауға бағытталған мемлекеттік тілде іс-шаралар өткізіледі. 

Қазiргi уақытта ономастика тiлдер саясатының алдыңғы бағыттарының бiрi болып табылады.

Бөлім мамандарымен ономастика проблемалары бойынша ауылдық округтарға әдістемелік көмек көрсетіліп тұрады.

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне және физикалық-географиялық объектiлерге атау беру, оларды қайта атауды ретке келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2019-2021 жылдар ішінде ономастикалық жұмыс бойынша 6 ауылдық округта 23 көше қайта аталды.

Тайынша ауданында көрнекi ақпараттарды ҚР «Тiл туралы» Заңының 19, 21 баптарына сәйкес келтiру үшiн мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi бiрiңғай тiл саясатын тiлдердi дамыту саласында жүзеге асыру бойынша тоқсан сайын ақпараттық, әдiстемелiк қызметпен қамтамасыз етедi

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мамандарыменкөрнекі ақпаратты тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ай сайын құжаттардың мониторингi жүргiзiледi. 2021 жылға Тайынша ауданының мемлекеттiк мекемелерiндегi құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi арасалмағы 97 пайызды құрады.

Бөлім бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. «Тайынша таңы» мен «Тайыншинские вести» газеттерінің беттерінде тіл саясатын насихаттау бойынша мақалалар жиі жарияланып тұрады.

Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi өз жұмысында осы ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыста. Мемлекеттiк мерекелердi, қоғамдық iс-шараларды ұйымдастыруда аталған орталықтар белсендi қатысады. 

Алдағы уақытта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы іс-шаралары Жоспарының тармақтарына сәйкес Тайынша ауданында мемлекеттік тілде іс-жүргізудің жүелілігін үйлестіру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.

Мақаланы құрған күні 27.03.2018 09:33

Мақаланы жаңартқан күні 03.03.2022 14:41

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz