«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ «Орталықтандырылған кiтапханалық жүйесi» КММ директор лауазымының бос орнына орналасу үшiн конкурс жариялайды, категориясы А1-3 лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 90785 мыңнан 110075 мың теңгеге дейiн.
Қызметтiң сипаттамасы:
- Кiтапхананың өндiрiстiк, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметiн басқарады, қабылданған шешiмдердiң орындалуын, оның балансында көрсетiлген, кiтапхана қорын сақтау, толықтыру және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi;
- кiтапхана стратегиясын және оның iске асыру механизмiн басшылыққа алады;
- шарттарды жасайды және бұзады, заңды тұлғалармен мәмiлелер жасайды;
- бұйрықтар шығарады, мекеменiң мүдделерiн сотта, мемлекеттiк органдарда, мекемелерде ұсынады;
- құрылымдық бөлiмшелердiң жұмысын және тиiмдi қарым-қатынасын ұйымдастырады, олардың қызметiн кiтапханалық қызмет көрсетудi дамытуға және жетiлдiруге бағыттайды;
- ұйымды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсiби бiлiмi мен тәжiрибесiн ұтымды пайдалану және дамыту, өмiр мен денсаулық үшiн қауiпсiз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
- ұжымдық шарттың әзiрленуiн, жасалуын және орындалуын, еңбек тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi, қызметкерлердiң еңбек уәждемесiнiң, бастамасының және белсендiлiгiнiң дамуына ықпал етедi;
- кiтапхана қызметiне қатысты мәселелердi шешедi, директордың орынбасарына, құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларына қызметтiң жекелеген бағыттарын жүргiзудi тапсырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«қызмет көрсету» немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтарының топтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк кәсiпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушi азаматтар, келесi құжаттарды ұсынады:
- конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
- мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
- еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;
- бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
- еңбек кiтапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзiндi көшiрме;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама);
- ХҚКО-нан сотталмағандығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби дайындық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан және т. б. басшылықтан ұсыныстар бере алады).
Конкурсқа қатысуға жiберiлген үмiткерлер, құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн iшiнде мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнде әңгiмелесуден өтедi.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында жарияланған сәттен бастап, 15 жұмыс күнi iшiнде, СҚО Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Пролетар көшесi, 193 «СҚО Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ мекенжайына ұсынылуы қажет. Анықтама телефондары: 871536-23-6-31, culture-tsh.sko.gov.kz.
Қаралым саны: 1985