«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (1 бірл). Азаматтық қызметкер санаты А1-3. Жалақысы 190874 мын теңгеден 231432 мын теңгеге дейін қызмет атқарған жылдарына байланысты. 

Лауазымдық міндеттері:

  • мәдени-демалыс ұйымының қызметіне басшылық жасайды;
  • шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
  • байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаздар жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
  • көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
  • саябақ пен оның филиалдарының аумағында эстрадалық театрлар, кинолекториялар, планетарий, кітапханалар, би және ойын павильондары, алаңдар, мұз айдындары, шаңғы және қайық станциялары, мәдени-тұрмыстық және спорттық мүкәммалды жалға беру базалары, Халыққа қызмет көрсету үшін түрлі аттракциондар мен объектілер, үрмелі және эстрадалық оркестрлер, көркемөнерпаздар ұжымдары, түрлі секциялар ұйымдастырады, бау-бақша шаруашылығын дамыту және сақтау;
  • әдістемелік құралдарды, сценарийлерді әзірлеу, репертуар жасау, осы материалдарды рецензиялау және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық көмек көрсету үшін білікті мамандарды тартады;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды, шығармашылық бастамасын көтермелейді, ынталандырады;
  • ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды.

Конкурстың қатысушыларына жалпы талаптар:

ҚР Конституциясын, ҚР Бюджет кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін, ҚР Еңбек кодексін, Әкімшілік процессуалдық-процестік кодексін, авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңын, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Мемлекеттік мүлік туралы", «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын және ішкі еңбек тәртібінің ережесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғау бойынша ережелерді білу. 

Біліктілікке қойылатын талап:

 жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімдер (жалпы даму пәні бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер мен әдебиеттер бойынша педагогтарды даярлау) немесе "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы);

мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде 5 жыл, мәдениет саласында немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында және жұмыс органы бекітетін адамдар үшін кемінде 2 жыл және / немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және / немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және / немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-демалыс жұмысы).

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
  5.  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
  6. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
  7. азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Ұйым кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жарияланған соң 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 151000, Тайынша қаласы, Пролетар көш., 193, «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ. Анықтама телефондары: 8(71536) 2-36-31, электрондық пошта Tai-kult@sqo.gov.kz.

13.10.2023
Қаралым саны: 27
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz