Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi 2018 жылғы сәуiрдiң 12-i күнi мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, Мағжан Жұмабаев шығармашылығын насихаттау арқылы тiл мәдениетiн көтеру, көркем әдебиеттi жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды iздеп табу мақсатында 12-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Мен жастарға сенемiн» мәнерлеп оқу шеберлерiнiң аудандық байқауын өткiзудi жоспарлап отыр.
Байқау мiндеттерi:
1. Қазақ тiлiнiң көркемдiгiн, байлығын Мағжан шығармалары арқылы насихаттау.
2. Мағжан шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлiгiн, тiл мәдениетiн шыңдау.
3. Жас ақындар шығармашылығын тарату.
Байқау үш номинация бойынша өтедi:
1. Көркем сөз оқу шеберлiгiн айқындау:
- Мағжан шығармаларын қазақ тiлiнде жатқа оқу;
- Отан, туған жер, тәуелсiздiк, тiл, желтоқсан тақырыптарына және Мағжан ақынға арналған өз өлеңдерiн жатқа оқу;
2. Әншiлiк қабiлетiн таныту — Мағжан әндерiн немесе қазақ халық әндерiн орындау (1 ән).
Байқау шарттары:
«Мен жастарға сенемiн» байқауына қала және ауылдық округтардан, 12-16 жас аралығындағы жастар қатысады. Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың:
- дауыс мәнерiне;
- көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне;
- сахналық мәдениетiне назар аударады.
Байқау жеңiмпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қаралым саны: 2031