«Тіл шебері — 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық байқауын өткізу ережесі

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi 2018 жылғы мамырдың 17-i күнi үш тiлдi қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген жас мемлекеттiк қызметшiлердi анықтау және қолдау, тiл мәдениетiн көтеру және үштiлдiлiктi насихаттау мақсатында «Тiл шеберi — 2018» жас мемлекеттiк қызметшiлер арасында аудандық байқауын өткiзедi.

Байқау қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде өтедi.

Байқауға мемлекеттiк органдардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттiк қызметшiлерi қатыса алады.

Алдыңғы байқауларда бас жүлде және I орын жеңiмпаздары қатыстырылмайды.

Байқау мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. «Тұсаукесер» — тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тiлiнде толық ашу (қазақтың ұлттық киiмiнде  үш минуттан көп емес өнер көрсету);
  2. «Ұлттаным» — қазақ елiнiң тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жерi және оның аймақтары жөнiндегi сұрақтарға орыс және ағылшын тiлдерiнде жауап беру (бес минуттан көп емес өнер көрсету);
  3. «Өнертаным» — үш түрлi жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту (классикалық стильде өнер көрсету).

Алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар келесi кезеңге қатысады.

Қазылар алқасы шешiм шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

  1. тiлдердi меңгеру деңгейi;
  2. үш тiлдегi орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы;
  3. сахналық шеберлiгi;
  4. уақытты орынды пайдалануы.

Байқаудың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

Байқау жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi арнайы дипломдармен, алғысхаттармен марапатталады.

Қосымша

16.02.2018
Қаралым саны: 1946
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz