«Бала тілі — бал» атты аудандық байқауының ережесі

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне орай «Тiлдердiң үштұғырлығы» мәдени жобасын iске асыру мақсатында 2018 жылғы 26 сәуiрде сағат 10.00-де бастауыш сынып оқушылары арасында «Бала тiлi — бал» аудандық байқауын өткiзедi.

Байқаудың мақсаты: мұғалiмдер мен оқушылар арасында мемлекеттiк тiлдi меңгерудi жетiлдiруiне ықпал етiп, отбасындағы құндылықтар мен рухани-адамгершiлiк тәрбие беру арқылы балаларды қазақ тiлiн, туған жерiн құрметтеуге үйрету және мемлекеттiк тiлiмiздiң мәртебесiн көтеру мен қолданылу аясын кеңейту.

Байқауды өткiзу шарттары:

Байқау екi номинация бойынша өткiзiледi;

Байқауға мектептiң бастауыш сынып оқушыларынан 7 адамнан тұратын команда қатыса алады (оның 1-i мұғалiм, 5-i оқушы);

Әр топтың жеке эмблемасы болуы шарт.

1. «Атыңнан айналайын»

Топ қатысушылары сәлемдесу арқылы өздерiн көпшiлiкке үш тiлде таныстырады (ән және би орындау арқылы). Тапсырманы орындау уақыты — 3 минут;

2. «Өнерлiге өрiс кең»

Әлем халықтарының ертегiлерiнен сахналық көрiнiс қазақ тiлiнде қойылады. Тапсырманы орындау уақыты — 5-7 минут;

Әр қатысушы командаға 10 минут уақыт берiледi. Онда қатысушы топтың белсендiлiгi, ойнау, көрсету шеберлiктерi, тапқырлығы, ойды жеткiзуi, тiл байлығы мен мәдениетi көрiнiс табуы тиiс.

Аудандық байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың:

  • тiлдердi меңгеру деңгейiне;
  • ән мен би орындау шеберлiгiне;
  • тапсырманы орындау сапасына;
  • сахналық киiм сәнiне және де сахна әдебiне баса назар аударады.

Байқау жеңiмпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

16.02.2018
Қаралым саны: 2025
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz